Арзанын таптыңыз ба? Қоңырау шалу Есептеу WhatsApp

Ниязхан Қажыбекұлы

Клиентіміздің пікірі

Ниязхан Қажыбекұлы

2009 жылдары үй салған кезіміз еді. Сол уақытта кірпіш бағасы қатты қымбаттап кеткен болатын. Қызыл кірпіш алғым келген, бірақ бағасы 40 000 теңгеге дейін көтеріліп кетті. Сол кезде FINNBLOCK бойынша жарнаманы көріп, барып сөйлесіп қайттым. Офис Атакентте орналасқан екен. Барған кезде жігіттер жақсы қарсы алып, бәрін толық әрі түсінікті етіп түсіндіріп берді. Қарым-қатынасы да, көзқарасы да ұнады. Осылайша FINNBLOCK материалына қызығып, сол бойынша жұмысымды бастадым.

Бірінші нысанды салып болғаннан кейін, екіншісін Алматыда тұрғыздым. Қазір міне, үшінші үйімді салып жатырмын.

Алғашқы үйді салғанда көп нәрсені өзім үйрендім, тәжірибе жинадым. Екінші нысанда жұмысшыларды жалдап, бастапқы кезеңде бәрін өзім көрсетіп, қадағаладым. Кейін олар да үйреніп, жұмысты өздері соңына дейін сапалы аяқтап шықты. Жалпы, кез келген құрылыста әр кезеңді бақылап отыру маңызды. Себебі басында адамдар толық түсінбеуі мүмкін — сондықтан дұрыс бағыт беру қажет.

Материал таңдауда әркім өзіне ыңғайлысын алады. Қазір көпшілігі пеноплекс сияқты материалдарды қолданады. Бірақ онда бірнеше қабат жұмыс қажет: алдымен штукатурка, кейін шпаклевка — бұл өз кезегінде қосымша шығын мен уақытты талап етеді.

Ал FINNBLOCK құрылыс технологиясында мұндай артық шығындар жоқ. Қабырғалар бірден тегіс шығады. Жұмыс процесі де өте жеңіл: алдымен тор тартылады, кейін жұқа левкас қабаты жағылып, әрлеу жұмыстары аяқталады.

Пікірлер клиенттер

FINNBLOCK өнімдері